2024 жылғы 23 сәуір күні Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінде облыстық оқу сауаттылығы аясында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған студенттер арасында оқылған кітаптарын жарнамалайтын «Бір кітаптың дефилесі» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты – кітапханаға, кітап оқуға оқырмандарды тарту, көрнекті ақын — жазушылардың шығармашылығын насихаттау. Ұйымдастырған тілдер кафедрасы оқытушылары: Нокина С.М., Жолкенова Г.Ж.
Студенттер «Қорғансыздың күні» Мұхтар Әуезов, “Гауһартас” Дулат Исабеков, «Менің шешелерім» Қанат Тілеухан шығармаларын ұсынды. Іс- шараға 41 студент қатысты. Іс –шара барысында студенттер топтарға бөлініп, шығарма мазмұнына қысқаша шолу жасап, шығарма кейіпкерлерінен шағын қойылымдарды сахналады.