22.04.2024ж.күні облыстық оқу сауаттылығы апталығы аясында «Өміріміз мәңгі кітаппен” атты апталықтың ашылуы шарасы өтті. Шараға НО-23-2 және ҚӘ-23-1 топтарының бірінші курс студенттері қатысып, кітаптың өмірлік маңызы, кітаптың берері мен одан алар тағылымымыз туралы ой айтты. Іс-шарадағы негізгі ойы: кітап – адамдар, халықтар мен ұрпақтар арасындағы қарым-қатынастың ең қуатты және әмбебап құралы. Кітап туралы бейнеролик көрсетіліп, кітап оқуға кеңестер берілді. Ұйымдастырушылар-Буралкина Р.А. және Макетов А.Р.. Студенттерді қамту-35 студент.
