2025 жылғы 16 сәуірде колледж студенттері арасында облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» байқауында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 1-курс студенті Амангелді Аида жүлделі 1-орын иеленді. Аиданы және оның жетекшісі, топ кураторы Иманбеков Қайрат Берікболұлын жеңісімен құттықтаймыз!


