Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде 15 сәуір — Қозы Көрпеш — Баян сұлу күніне орай 1-2 курс студенттері арасында ұйымдастырылған «Мiss&Mister Bolashaq — 2025» байқауы өтті. Байқауға 12 жұп қатысты. Байқау үш кезеңнен құралды: «Тегімді менің сұрасаң» өзін таныстыру (Әр жұп өздерін таныстыратын бейнеролик ұсынады); «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер көрсету); «Сұлулық сыры» сән үлгісі (Әр жұп әртүрлі материалдардан жасалған өз қолдарынан шыққан костюмнен сән үлгісін ұсынады). Нәтижесінде: «Мiss&Mister Bolashaq — 2025» атағын Мақан Аружан (Шт-23-1) мен Кәріғұл Ерасыл (ДМЖ-24-1) иеленсе, 1-орынды Баярстанова Камила (Қ-24-1) мен Төленді Иманали (ДМ-24-3), 2-орынды Жақсыгелді Дильназ (ҚӘБ-24-1) мен Мүкәрам Қазыбекби (ҚӘБ-24-1), 3-орынды Докичев Роман(Р-23-2) мен Груздева Милена (Р-23-2) иеленді. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз, қатысушыларға алғыс білдіреміз.