Ағымдағы жылдың 18 сәуірі күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен, Теміртау жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Кәсіптік бастау: жұмысшы мамандықтардағы жастар» Республикалық студенттер форумының «Бейнероликтер байқауы» номинациясында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1-курс студенті Ерғанатұлы Бекнұрдың «Құрылысшы мамандығы – аймақтың инфрақұрылымын дамытушы мамандық» тақырыбындағы бейнеролигі жүлделі 2-орын иеленді. Бекнұрды және оның жетекшісі Кабылова Меруерт Блялкызын құттықтаймыз!


