2025 жылғы 10 сәуірде «Колледжде оқу — әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері: цифрландыру, инновациялар және білім беру сапасы» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Шараны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы, «М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК ұйымдастырды. Семинардың мақсаты: тәжірибені тарату, өзекті мәселелерді талқылау және колледжде білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді шешімдерін іздеу.
Семинар жұмысына Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің, М.Жұмабаев жоғары колледжі, Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің басшылары мен педагогтері қатысты. Педагогтердің өзекті білім беру мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалды. «Bolashaq»колледжінің педагогтері келесі тақырыптар бойынша өз тәжірибелерін ұсынды:
Капанова И. Х., Қонабаева А. Д.: «Оқу-әдістемелік жұмыстың мониторингі мәселелері»; Тусупбаев А. Т.: «Білім беру үздігін жасанды интеллектісі пайдалану»; Капанова И. Х., Абилдина Б. К.: «Оқу құралы педагогтің әдістемелік жұмысының маңызды құралы ретінде («Педагогтің әдістемелік жұмысының негіздері» оқу құралы жұмыс тәжірибесінен); Касымова Н.К.: «Геймификацияның кәсіптік даярлыққа ықпалы арқылы маман дағдыларын дамыту»; Елибаева-Мұхтар А.М., Сырбаева Н.Б.: «Колледждердің педагогикалық мамандықтары студенттеріне арналған киберпедагогика негіздері «оқу курсы». Семинар соңында педагогтер осындай семинарлардың қажеттілігі мен маңыздылығы туралы пікір алмасты.





