2025 жылғы 29 сәуір күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған облыстық «Абай оқулары» байқауының «Қазақта қара сөзге дес бермедім» номинациясында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 1-курс студенті Ғабдолла Айым жүлделі 3-орын иеленді. Жеңімпазымызды және оның жетекшісі Иманбеков Қайрат Берікболұлын құттықтаймыз.