2025 жылғы 30 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенттерін марапаттау шарасы өтті. Салтанатты шарада Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжінің “Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі” мамандығының 3-курс студенті Тикенова Анел( жетекшісі — Кабылова М.Б.) марапатталды. Марапаттау салтанатынан кейін шара Президент саябағында “Таза Қазақстан” жобасы аясында үздік 100 студенттің 100 көшет отырғызу шарасымен жалғасын тапты. Одан әрі үздіктер бизнес тренингтерге қатысты. Ауқымды істерге толы болған бұл күнгі шара студенттерде үлкен әсер қалдырды.



