2025 жылғы 6 мамыр күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 1-курс студенті Амангелді Аида Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбілқас Сағыновтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жас ақындардың облыстық мүшәйрасынан жүлделі 2-орын иеленді. Жеңімпазымыз бен оның бабын келістірген жетекшісі, колледж оқытушысы Иманбеков Қайрат Берікболұлын құттықтаймыз!


