«Астаналық сапа және метрология орталығы» менеджмент жүйелерін сертификаттау органының басшысы Елена Сергеевна Булатова және жетекші маман Александра Александровна Агаркова Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжін 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Құттықтауында олар колледж өзінің белсенді ұстанымы, жоғары кәсібилік деңгейі және білім беру сапасына деген адалдығының арқасында өңірдегі маңызды білім беру мекемесіне айналғанын және білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Елена Сергеевна жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, сенімге, кәсібилікке және кемелдікке ұмтылуға негізделген серіктестік қатынастардың маңыздылығын атап өтті. Ол колледж ұжымына білім беру бастамаларын іске асыруда одан әрі табыстар, жаңа жетістіктер, мықты денсаулық, тұрақтылық, болашақ мамандарды даярлау ісінде шабыт пен өшпес қуат тіледі.
