2025 жылғы 6 мамыр күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 3-курс студенті Токенова Сабина Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Қалам мен қаруды бірге ұстағандар» атты Қарағанды облысы жастары арасында өткен облыстық байқаудың «Үздік көркемсөз шебері» номинациясы бойынша жүлделі 1-орын иеленді. Жеңімпазымыз бен оның бабын келістірген жетекшісі, колледж оқытушысы Жолкенова Гулзада Жолкеновнаны құттықтаймыз!