2025 жылғы 12 мамыр күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің 1-курс студенттеріне ҚР ІІМ Есірткіге қарсы іс-қимыл комитетінің қолдауымен жасалған видеоақпарат көрсетілді. Есірткі тасымалдау арқылы қылмыскерге айналған «Mad MEN» Q-pop тобы әншісінің қамаудағы өмірін көрсеткен видео студенттерге үлкен ой салды. Көрсетілімге 55 студент тартылды.