2025 жылғы 4 маусым күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер — тәуелсіздігіміздің белгісі» атты салтанатты жиын өтті. Жиында Мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат беріліп, патриоттық әндер мен күйлер орындалды, флешмоб биленді. Шара мақсаты — өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, мемлекеттің егемендігінің айшықты белгісі — рәміздеріміздің мән-маңызын түсіндіру.