2025 жылғы 26 маусым күні «Ақ жол, жас түлек!» диплом тапсыру салтанатты кешінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің дәстүрлі «Үздік түлек» байқауының қорытындысы шығарылды. Нәтижесі төмендегідей:
Мамандықтың үздік түлектері:
«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының үздік түлегі — ҚӘ-21-1 тобының түлегі Текебай Асылайым;
«Шетел тілі мұғалімі» мамандығының үздік түлегі ИН-21-2 тобының студенті Ниязова Адель;
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының үздік түлегі – ДМБ-22-1 тобының түлегі Кәріпжан Айсұлтан;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының үздік түлегі М-21-1 тобының түлегі Нүркенова Жансая;
«Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы» мамандығының үздік түлегі БҚҚ-22-1 тобының түлегі Рахимжанова Алуа;
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының үздік түлегі — ӘЖ-22-1 тобының түлегі Абдрасилова Ақнұр;
«Бастауыш білім беру» мамандығының үздік түлегі — БМ-21-1 тобының түлегі Бекжанова Жанель;
«Ақпараттық қауіпсіздік технигі» мамандығының үздік түлегі — ТИБ-22-2 тобының студенті Бейсен Алан;
«Есеп және аудит» мамандығының үздік түлегі — Е-22-1 тобының түлегі Өркенқызы Әлемнұр;
Ал оқу орнында білім алу кезінде колледждің дамуына өте үлкен үлесін қосқан «Колледждің ең үздік түлегі — 2025» атағын «Құқықтану» мамандығының үздік түлегі — Қ-22-1 тобының түлегі Елеусизова Мадина иеленді.
Құттықтаймыз! Үздік болу өмірлік ұстанымдарыңыз болсын!