Облысымыздағы іргелі оқу орны Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі еліміздегі жастарға кәсіби білім беріп, ел болашағының дамуына шынайы үлес қосып келеді. 2025 жылғы 26 маусым күні колледж тағы да бір мәрте өз қарлығаштарын түлетіп, қанаттарын қатайтып ұшырды. Биылғы жылы колледжді 482 түлек түлеп ұшып, оның 69 түлегі үздік аттестатқа тәмамдап, жарқын болашаққа жолдама алды. 15 мамандық, 19 біліктілік бойынша үздік үлгідегі және кәдімгі үлгідегі дипломдар тапсырылды.
Өмірлік жолдамалары – дипломдарын алған түлектерімізге жолының ашық, сапарының сәтті болуын тілейміз. Сәт сапар саған, жас түлек!