2026 жылғы наурыз айында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде «Денсаулығың — зор байлығың» акциясы өтті. Онда студенттерге жадынама қағаздары таратылды. Жадынамада күн тәртібі, дұрыс тамақтану, сколиоздың алдын алу, миопияның алдын алу, дене белсенділігі секілді денсаулыққа маңызды ақпараттар ұсынылған. Сенің денсаулығың — сенің байлығың, сенің ғана құндылығың. Денсаулығыңа жауапты қара!