2026 жылғы 4 маусымда Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде Қарағанды облысы Полиция департаментінің Қоғамдық көмекшілер институтының қызметіне студенттерді тарту бойынша кездесу өтті. Мақсаты: Студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға ынталандыру, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарында полиция органдары мен жастар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту. Іс-шараға Учаскелік полиция пунктінің бастығы, полиция майоры Осербаеа Бекжан Багдатович, Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция полковнигі Смагулов Султан Ермекович және қоғамдық көмекшілер институтының мүшелері, Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің 2-курс студенттері Әлмен Жалғас Иманғазыұлы мен Рахимов Имран Тельманович қатысты. Лекция барысында Қарағанды облысы ПД жанындағы Қоғамдық көмекшілер институтының қызметі, оның қоғамдағы рөлі мен міндеттері туралы ақпарат берілді. Студенттердің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысуының маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту, еріктілік қызметтің артықшылықтары және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысқан топтар: ДМ-23-1, ДМБ-24-1(11), БМ-23-1, БМ-23-3.