2026 жылғы 30 қыркүйекте Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық студенттік лига» аясындағы спорттық іс-шаралардың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ер балалар және қыз балалар командалары ұлттық студенттер лигасының облыстық кезеңінде жалпы командалық есепте бірінші дивизион колледждері арасында екі бірдей жүлделі 1-орынға ие болды. Сонымен қатар облыс спортының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін колледж оқытушысы Сүлеймен Айдарбек Елубаевич Алғыс хатпен марапатталды. Бұл жетістік – 2025-2026 оқу жылындағы студенттердің табандылығы мен оқытушылардың жүйелі еңбегінің жемісі, нәтижесі. Жеңімпаздарды және Айдарбек Елубаевичті марапаттарымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!







