Айдана — Республикалық «ҚР колледждерінің ТОП100 студенті» байқауының жеңімпазы «Бастауыш білім беру» мамандығының БМ-24-1 тобының студенті Акмагамбетова Айдана — Республикалық «ҚР колледждерінің ТОП100 студенті» байқауының жеңімпазы атанып, есімі Қазақстанның үздік 100 студенттерінің қатарына енді. Бұл тізімде Айдана 8-орында тұр. Бұл — үлкен жетістік әрі мақтаныш. Айдана — колледждің белсенді студенті, «Бастауыш білім беру педагогика мен әдістемесі» мамандығының «МАМАНДЫҚТЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ — 2026» номинациясының, облыстық “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” жобасы аясында “КІТАП ОҚИТЫН КОЛЛЕДЖ” санаты бойынша 2-орын, “Ұлттық студенттік лига” аясында 1 дивизион колледж (облыстық) студенттері арасында ұйымдастырылған футболдан облыстық жарыстан 2-орын, «МҰҒАЛІМ БОЛУ — МАҚТАНЫШ!» педагогикалық сынып облыстық педагогикалық колледждердің білім алушылар арасында 1-орын, “ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ: МҰҒАЛІМ МИССИЯСЫ” облыстық педагогикалық бейнероликтер байқауында 1-орын иегері. Жеңімпазымызды әрі оның жетекшісі Бейсенова Айгерим Нурболовнаның тағы да құттықтап, үнемі үздіктер қатарынан табыла беруін тілейміз!

