Колледж мұражайының салтанатты ашылуына білім ордамыздың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарымыз бен зейнеткерлеріміз арнайы қатысты. Құрметті қонақтар мұражайға қойылған тарихи құжаттармен, фотосуреттермен және құнды жәдігерлермен танысып, еңбек жолдарындағы жарқын сәттерін еске алды. Олар колледж тарихына қатысты ыстық естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі ұжым мен студенттерге ақ тілектерін жеткізді.
Кездесу барысында ардагерлерге колледждің дамуына сіңірген көпжылдық еңбегі, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі және кәсіби адалдығы үшін шынайы алғыс білдірілді. Мұражайдың ашылуы өткен мен бүгінді сабақтастырған, ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайтқан маңызды оқиғаға айналды. Ардагерлеріміздің өнегелі еңбек жолы мен тағылымды тәжірибесі колледж тарихында әрдайым құрметпен сақталады. Құрметті ардагерлерімізге зор денсаулық, отбасыларына амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз!








