2026 жылғы 28 қазанда «Батыр» спорт кешенінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ата-аналары, студенттері арасында «Спорт ұрпақтарды біріктіреді» атты волейболдан жолдастық кездесу өтті. Спорттық іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ата-аналар мектебі» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Жарыста ата-аналар жеке команда, ал студенттер жеке команда құрып, өзара жолдастық кездесу ойынын өткізді.Іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен студенттер арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық спорт дәстүрін қалыптастыру. Ойын барысында қатысушылар командалық бірлік, белсенділік пен шеберлік танытты. Спорт алаңында өзара қолдау, достық қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл күй қалыптасты. Іс-шара спорттың әртүрлі буын өкілдерін жақындастырып, ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретінін көрсетті. Жолдастық кездесуді колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Музапаров Р.Е. ұйымдастырды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!

