Бүгін Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұжымы экономикалық пәндер оқытушысы Бекбулатова Тамархан Джумабаевнаны мерейтойымен құттықтады.Тамархан Джумабаевна колледждің іргетасы қаланған алғашқы жылдардан бастап оқу орнымызда жемісті еңбек етіп келеді. Ол «Бухгалтерлік есеп» бағыты бойынша білім алушыларға сапалы білім беріп, кәсіби білікті мамандар даярлауға елеулі үлес қосуда. Көпжылдық еңбек жолында өзінің білімімен, мол тәжірибесімен және мамандығына деген адалдығымен әріптестерінің құрметіне, студенттерінің ыстық ықыласына бөленді.Колледж ұжымы Тамархан Джумабаевнаға оқу орнымыздың қалыптасуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді. Мерейтой иесіне зор денсаулық, отбасылық амандық, ұзақ ғұмыр, еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз! Мерейтойыңыз құтты болсын!