2026 жылғы 6 қарашада Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ӘЖ-26-1, Қ-26-1 және ИНФ-26-1 топтарының студенттеріне түсіндіру дәрісі өткізілді. Дәрісті Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының дінтанушысы Маратбекова Айдана Сәкенқызы жүргізді. Кездесу барысында интернеттегі деструктивті материалдардың жастарға ықпалы, күмәнді ақпаратты ажырату және оған сын көзбен қарау жолдары түсіндірілді. Студенттерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушы жарияланымдарды таратпау, белгісіз сілтемелерге өтпеу және күмәнді контент туралы ересектерге немесе тиісті мамандарға хабарлау қажеттігі айтылды. Дәріс жастардың ақпараттық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және интернет кеңістігіндегі қауіптердің алдын алуға бағытталды.



