Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және жастар арасында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған плакаттар байқауы ұйымдастырылды.Байқаудың басты мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін дамыту.Аталған байқауға ШТ-26-1, РБ-26-2/11, МБ-26-1/11, ИНФ-26-3/11, М-26-1 және ШТ-26-3 топтарының студенттері белсенділік танытып, өз плакаттары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарын шығармашылық тұрғыда жеткізді.#Bolashaq#СыбайласЖемқорлыққаҚарсы#Адалдық#Парасаттылық#СаналыҰрпақ






