87212339039
bolashaq@kkaobolashak.kz

Біздің жаңалықтар


Колледжіміздің жаңалықтарымен таныс болыңыздар!!!

Халықаралық ынтымақтастық – кәсіптік білім беруді дамытудың маңызды бағыты

2026 жылғы 12 қарашада Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасының 11-қадамын іске асыру аясында Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласында орналасқан Қытайдың кәсіптік білім беруді инновациялық дамыту альянсы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіретін қытайлық ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.Кездесу барысында халықаралық…

Облыстық олимпиададағы жүлделі орын

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері…

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПЛАКАТТАР БАЙҚАУЫ

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және…

Дзюдошыларымыздың кезекті жетістігі

«Студенттік лига» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері…

Колледжде жалпы ата-аналар жиналысы өтті

2026 жылғы 6 қарашада Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінде жалпы ата-аналар…

Біздің артықшылықтарымыз


Мемлекеттік лицензия

Колледждің білім беру қызметімен айналысуға № KZ73LAA00013922 нөмірлі 2009 жылғы 30 қарашада берілген лицензиясы бар. Лицензияға қосымша 12 мамандық және 22 біліктілік бойынша берілген.

Заманауи техникалық-материалдық база

Колледжде 9 компьютерлік аудиториялар, 2 заманауи құзіреттілік орталығы, роботтықтехника конструкторларымен, заманауи интерактивті тақталармен жабдықталған.

Заманауи кітапхана

Кітапхана қорында барлығы 55630 дана кітап қоры бар оның ішінде қазақшасы 30250 дана кітапты құрайды.

\


Құрметті талапкер!

Бүгінде Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжіне 25 жыл толды. Осы уақыт ішінде колледж ширек ғасырлық даму сатысын жемісті өткерді. 25 жылда колледж көптеген қиындықты еңсеріп, республикада, облыста өз орны бар оқу орнына айналды.  Оның дәлелі – еңселі оқу ғимараты, «Батыр» спорттық кешені, қоры мол кітапхана,  талапқа сай жабдықталған оқу кабинеттері мен ғаламтор жүйесіне қосылған компьютерлік кабинеттер. Білім алушыларымыздың білім бәсекесінде, спорт сайысында үнемі алдыңғы қатарда жүруі – оқу орнының білім сапасы мен жан-жақты білікті тұлға тәрбиелеуінің дәлелі. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыстар санының өсуі колледждің еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлап жатқандығын дәлелдейді. Осындай жетістіктердің нәтижесінде «Bolashaq» колледжі өңіріміздегі алдыңғы қатарлы оқу орнына айналып отыр. Әрине, бұл жетістік иесі алдымен - педагогикалық ұжым. Ғұлама ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деген сөзіне сай олар өздерінің ерен еңбегімен колледжді нұрландырып тұр. Біз колледжімізді қадір тұтамыз, колледжімізбен мақтанамыз. Қазіргі кезде республикамызда білімді ел, сапалы экономика және жоғары білікті жұмысшы күшін қалыптастыру межесі белгіленген стратегиялық бағытты орындауда өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Құрметті талапкер! Егер сұранысқа бай маман иесі болғыңыз келсе, білікті мамандардан білім алғыңыз келсе, бізге келіңіз. Біз Қазақстанның келешегін кемел, болашағын жарқын етер жалынды жастар тәрбиелейміз. Үнемі ізденісте жүретін білімді әрі шығармашыл орта, қызықты студенттік өмір Сізді күтеді.

Директор блогы

Бізбен бірге болыңыз!!!


Егер білікті маман болғың келсе, талантың мен өнеріңді дамытқың келсе біздің қатарымызға қосыл!!!


    Әлеуметтік серіктестер


    Тәжірибе өту орындары мен жұмысқа алушылар